Бейсенбі, 15 Тамыз 2024 14:58

Түркістан облысы: Шардарада 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс жүруде. Шардара ауданында да іс атқарылып жатыр. Таяуда аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Арман Романұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды. Тұрғын үй құрылысын биыл қазан айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ аудан басшысы Шардара қаласы, Шардара-Жетісай бағытына кіші сәулеттік абаттандыру құрылысымен танысты. Ондағы сәулеттік жобаларды қарап, идеяларды талқылады.

«Тұрғын үй кезегінде жылдап тұрғандарды баспанамен қамту үшін барынша әрекет жасауымыз қажет. Білемін, мыңдаған тұрғын үй салуға бюджет қаражаты жетпейді, бірақ жылда аз-аздан сала берсек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтып, қуаныш сыйлаймыз. Сол үшін қарқынды жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар ауданға кіреберіс жерді және қала іштерін абаттандырып, келушілер мен аудан тұрғындарының көрікті мекенде жүруіне жағдай жасау басты міндеттеріміздің бірі екенін есте ұстайық», деді аудан әкімі.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет