Сәрсенбі, 16 Қазан 2024 23:23

Шымкент: Комплаенс қызметкерлеріне кезекті оқыту семинары өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті комплаенс қызметкерлеріне кезекті оқыту семинары өтті. Комплаенс мектебі аясындағы дәстүрлі оқыту семинарына квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлері қатысты. 

Комплаенс қызметтері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген жауапкершілік миссиясы жүктелген.

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Оқыту семинары жыл сайын, дәстүрлі форматта ұйымдастырылып келеді. Б.Асанбаев комплаенс офицерлері белсенді жұмыс істесе, жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік бар екенін айтты. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде ашықтық, әділдікті қамтамасыз ету назарда тұр.

Бүгінгі семинарда квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатуда тиімді коммуникация дағдыларының өзектілігі, жобалық менеджмент жүйесін квазисектор саласына енгізудің өзектілігі тақырыбы қамтылды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп берді. Қазіргі таңда ашықтық, айқындық қағидалары өзекті болып отыр.

Оқылды 19 рет