Дүйсенбі, 18 Қараша 2024 10:20

Шымкент: Еңбекші ауданын ауыз сумен қамту көрсеткіші 97 пайызды құрайды

Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды.  18 тұрғын алап және 11 шағынауданнан тұратын   аудан аумағында 728 көше мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Нақтыласақ,  2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. Қалаға қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда Жаңақұрылыс аймақтарын  ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізді. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды.

Қазіргі таңда ауданда ауыз сумен  қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды.

2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Строительная группа «Архитектор» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттама  әзірленуде.

Оқылды 23 рет