Сейсенбі, 19 Қараша 2024 16:54

Шымкент: Абай ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. 

Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен, яғни ауыз су мен электр жарығымен қамту көрсеткіші 100%. Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды.

Ал табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда 2 елді мекенде табиғи газ қосылып, абоненттеу жұмыстары жүргізілдуе, ал қалған 2 елді мекенде Ынтымақ-2 шағын ауданы - 70%, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 60%, құрылысы аяқталған. 

Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды. Асфальт жол - 573 шақырым (48,5%); тас жол – 450,2 шақырым (25,7%);топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%) 

Айта кетер жайт, 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда жарықтандыру мәселесіне келер болсақ, 2023 жылы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетті. 

Жарықпен қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құрады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 жоба оның ішінде, 20 жобаның 18-і балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді. Жалпы қаралған қаржы – 491,2 млн.тг. Сонымен бірге, жоба құны – 76,1 млн.теңгені құрайтын халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда. 

Сондай-ақ, 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 

Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған.

9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.

Ал аз қамтылған отбасыларға, мүгедек күтуші, қолайсыз отбасыларға, тыл ардагерлеріне, пробация есебінде тұрған азаматтарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға білдірушілерге демеушілер есебінен 659-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді.

Абай ауданы бойынша «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ», «Жасыл аймақ», және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылды.

Нақтырақ айтсақ, Асар ш/а, Шымсити ш/а, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар т.а, Игілік т.а, Көкбұлақ т.а, Алтынтөбе т.а және Бәйдібек би даңғылы мен А-2 тас жолы, Қошқар ата, өзені, жалғызлікті қариялардың үй аулалары т.б. аумақтар тазалық акциясы барысында қалыпқа келтірілір, абаттандырылды. Тазалық жұмыстарына 2170 арнайы техника жұмылдырылды. 50 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысты. 540 шақырым көше, 184 шақырым аяқжолдар тазаланды. 5400 дана ағаш әктеліп, қураған бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді. Тазалық нәтижесінде 1760 тонна қоқыс шығарылды. 124 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланып, 430 дана аялдамалар жуылды. 68 дана орындықтар, аялдамалар сырланып, жаңартылды. Аудан аймағындағы екі тарихи-мәдени,ескерткіш жуылып, айналасы абаттандырылды.

 

Оқылды 25 рет