Жексенбі, 25 Қараша 2018 12:14

Түркістан облысы: «Tulkibas Vine» медиа – жобасы болып өтті

Үстіміздегі жылдың 23 қарашасы күні Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Tulkibas Vine» атты медиа – жобасы өткізілді. Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, қоғамда заманауи жастарды тәрбиелеу бағытының жаңа жолының пайда болуы, жастардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалана білуі, ауданда жас вайнерлерді шығару, идеологиялық бағыттағы идеяға бай жастарды қалыптастыру болып табылады.

Осы іс-шараға Түлкібас ауданының 17 мектебі қатысып, байқауға қатысушы мектептер 3 (үш) тақырыпта видео түсірген болатын: 1. «Атадан қалған асыл сөз» видеоэстафетасы. 2. «Кең болсаң, кем болмайсын» атты мейрімділік тақырыбындағы вайн. 3. «Еркін» тақырыпта күлкілі вайн. Қазылар алқасы вайнерлердің актерлік шеберлігіне, көркемдік деңгейіне видеоның сапасына (аудио/видео) және мәніне жете көңіл аударып өз қорытындысын шығарды. І-орын Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебіне бұйырса, ІІ-орынды Абай атындағы мектеп лицейі, ІІІ-орынды Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі иеленді. Байқау жеңімпаздарына төмендегідей орындар белгіленіп, арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталады. 1 – орын 25.000 СЕРТИФИКАТ,  2 – орын 15.000 СЕРТИФИКАТ, 3 – орын 10.000 СЕРТИФИКАТ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 870 рет