Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 17:38

Түркістан облысында студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысының жастары енді Халыққа қызмет көрсету орталығына сабылмайтын болды. Олардың енді өз қызмет көрсету орталығы бар. Аграрлық салаға маман дайындайтын колледжде алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. 

Негізгі мақсаты – цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру. Өңірде қазіргі таңда 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Колледжегі 2000 мыңға жуық студент алда «SMART-колледж» бағдарламасын пайдаланбақ. Сондай-ақ мұнда сынақ кітапшасын, қажетті анықтамаларды оңай алады. Тіпті жатақханаға тұру үшін, осы жерге келіп тіркеле алады. Бұрын бұл қағаз жүзінде іске асырылған.

Бұл ретте облыстық МҚІЖСЖҚ іс-қимыл департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Бүгінгі күні жемқорлықты жеңу жолдарының бірі – көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа өткізу. Яғни қызмет алушы өзінің үйінде отырып немесе мобильді телефоны арқылы кез келген қызметті алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Осы жұмысты әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Кезекте – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Сол жерден студенттерге қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз» дейді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 897 рет