Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2018 15:37

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімі тұрғындардың жеке мәселелеріне құлақ түрді

Қабылдауға келген азаматтар білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты, ауыз су, жол мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін тілге тиек етіп, ал бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. 

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.

Алдын ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 2025 рет