Тұрғын үйлерді аралау барысында Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану тәртібін түсіндіріп, пештер мен жылыту құралдарының жарамдылығын тұрақты тексерудің қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, улы газдан уланудың алдын алу үшін арнайы газ сигнализаторларын орнатудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарамауға шақырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Отырар ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1050 отбасы бар. Олардың 370-не газ сигнализаторлары орнатылмаған. Жылыту маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында олардың 370-іне газ сигнализаторларын орнату апта соңына дейін жоспарланған. Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрт оқиғалары мен улы газдан улану жағдайларының алдын алуға бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат