Жұма, 12 Шілде 2019 20:50

Түркістан қаласының жаңа әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады

Түркістан қаласының жаңа басшысы Рашид Аюпов халықпен кезекті кездесуін жалғастыруда. Қалаға қарасты мөлтек аудандарға арнайы барып, бұқараның қордаланған мәселелерімен тікелей танысып жүр. Тұрғындармен тілдескен әкім, Түркістанды түлету бағытындағы тың жоспарлармен де бөлісті.

Жиында ортаға салынған өзекті мәселелер бірі табиғи газ, жарық, жол және қоғамдық көліктің бүгінгі жағдайы. Тұрғындардың айтуынша, аялдамада қол арбаға таңылған мүгедектерге кейбір қоғамдық көліктер тоқмайды екен. «Бізде мүгедек бала бар. Біз арбамен күнделікті емге барамыз. Маршруттар тоқтамайды бізге. Тоқтаған күнде де екі есе ақшасын сұрайды бізден. 2-3 адамның ақшасын алады. Сол жағын қарастырсаңыздар» - деді түркістандық тұрғын.

Әкімге айтылған талаптың тағы бірі - қаладағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету. Ол үшін шаһарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы көптеп ашылуы қажет. Мысалы, дарынды балаларға арналған «Өнер» мектебі, «Жастар орталығы» сынды ғимарат бой көтерседейді тұрғындар. Сондай-ақ, тұрғындардың  халық жұмыспен қамту орталығына да  өкпесі бар екен. Дипломын құшақтап, екі қолға бір күрек таппаған жастарға тек 30-50 мыңнан аспайтын жұмыстарды ғана ұсынатын көрінеді.

Өз кезегінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов: «Турзимді дамыту керек. Инвесторлар тартыу керек. Сонда ғана жұмыссыздық жойылады.Зауыттар салынса жұмыс орындары ашылады» - деді.Түркістан -руханият пен  мәдениеттің қаласы. Әкім жиында көтерілген әр мәселенің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 586 рет