Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 20:25

Арыстағы жөндеу жұмыстары 15-тамызға дейін аяқталады

Арыстағы жарылыстан қираған әлеуметтік нысандардағы жөндеу жұмыстары 15-тамызға дейін толық аяқталады. Бұл туралы еліміздің индустрия және инфроқұрылымдық даму вице – министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Үкімет мүшесінің айтуынша бүгінде қалада жөндеу жұмыстары 90-пайызға біткен. Енді қайта салынып жатқан құрылыс нысандарына басымдық берілуде. Ал, облыстардың жұмысына келетін болсақ, осы жетіде Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстары өз секторларындағы құрылыстарды толық аяқтайды. Ал, қалған өңірлер осы айдың соңына дейін бітіріп қалуы мүмкін деп болжануда. Тек «Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі секторда ғана көп қабатты үйді қайта салу ісі біразға созылуы мүмкін»-дейді, вице министр.

Күннің ыстығына қарамай қалада жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Тіпті, кейбір секторларда құрылысшылар түнде де жұмыстар атқаруда. Ондағы мақсат-  тезірек жөндеу жұмыстарын аяқтап, тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету. Ал, жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын алаңсыз қабылдау үшін осы айдың ортасына дейін мектептердегі жөндеу жұмыстарын толық бітіру жоспарланған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 599 рет