Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 16:06

Түркістан: Мақтааралда «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы білім беру басталды

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Игі шараға аймақтан қызығушылық танытқандардың саны артуда. Қазірдің өзінде 400-ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген.

Тамаша хобби кіріс әкелуі әбден мүмкін. Бұл сөзімізді аталған жобаға қатысуға ниет білдірген мырзакенттік Салиха Кукиева жоққа шығармайды. Мамандығы дизайнер болғанымен қолөнер бұйымдарын жасап жүрген шебер соңғы екі жылдың көлемінде тігіншілікті кәсіпке айналдыруға бет бұрған. Қиялының ұшқырлығын пайдаланып ерекше дүниелерді шығаруға ден қойған маманның қолөнер бұйымдары, жуырда өткен «Түркістан өнімдері» атты облыстық көрмеде қалың көпшіліктің көңілінен шыққанына сенімді. «27 шілде күні біз Түркістан қаласында бір үлкен ірі жобаға қатыстық. Ол жерде небір ірі компаниялардың арасында бізде атсалысып өзімізді көпшілікке таныттық деп ойлаймын. Ол жердегі менің ерекшеленген жұмысым мына интерьер қуыршақтары ешкімде болмады. Осы қуыршақтарым бәрін таңқалдырды» - дейді ол. Тігіншінің қолынан шыққан Интерер қуыршақтары маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Одан бөлек тойбастар,  қоржындар, өзгеде қолөнер бұйымдарын жасауға әуестенген Салиха Кукиеева мемлекеттік қолдаудың арқасында қолға алған кәсібін  кеңейтпек ниетте.

Нұргүл Әбдіразақова - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры: «Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында бірінші аптасы өтті. Үш апталық оқу болады. 19мың теңге степендиясы бар. Жәнеде бұл жас кәсіпкер бағдарламасына қатысуға өзінің шарттары бар. 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, мүмкіндігі шектеулі екінші үшінші топтағы жұмысқа жарамды кісілер, көп балалы әкелер қатыса алады. Осы бағдарлама аясында. Бағдарламаға қатысуға өтініштер басталды. Бірінші топ оқып жатыр бізде, екінші топ құдай қаласа екі аптадан кейін басталады».

Бүгінде аталған жоба бойынша ауданда 75 азамат бизнес-тренерлерден білім алды. 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша 505 000 грант негізінде берілетін қаржылай  көмекті жеңіп алып, кәсіппен айналысуда. Жалпы жыл соңына дейін жас кәсіпкер бағдарламасына ауданнан 320 адам қамтылады деп жоспарлануда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 549 рет