Жұма, 09 Тамыз 2019 19:23

Жетісай ауданында 9 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

Жетісай ауданында жыл басынан бері 9 мыңға тарта отбасы әлеуметтік көмек алған. Олардың ішінде 2471 отбасы сәуір айында Елбасы тапсырмасымен тағайындалған бала басына берілетін 21 мың теңгеге қол жеткізіпті. Еңбекқор аймақ халқының көбі алған қаражатты бірден басқаға жаратпай кәсіп ашуға жұмсаған көрінеді.

Баймұраттың бес бала-шағасы бар. Белгілі жұмысы болмағасын бұған дейін талай істің басын шалып көрген. Бірақ, ешбірінен мардымды табыс таппапты. Сөйтіп биыл мемлекеттік көмекке иек артып, бала басына берілетін қаржыны алуға құжат тапсырады. Қаржының бірінші бөлігін ала сала наубайхана ашты. Бүгінгі табысы жаман емес. Өзінен бөлек 4 жұмысшысы бар. Күніне 2200-дей нан жауып таратады. «Қазір жағдайым жаман емес. Күніне 2200 нан жабады. Осы жерден алып кетеді. Базарға магазинге апарып береміз. 200-300 мың теңгеменде жұмыс бастауға болады» - дейді ол.

Ал, 7 баланың анасы Ләйла Әбдіжаппарова болса жастайынан тігін тіккен шебер. Бірақ, бұған дейін арнайы орталық ашып өз ісін дөңгелетіуге мүмкіндігі болмапты. Тек биылға әлеуметтік көмектің арқасында тігін шеберханасын ашуға мүмкіндік алды. Қазір қарамағында бір тігіншісі бар Ләйла кез-келген көлемдегі тапсырысты қабылдайды.   «Тапсырыстың барлығын алуға тырысамын негізі сол тапсырыс арқылы жұмыс істейміз. Келешекте бұданда үлкейтіп тендер ойнатқым келеді» - дейді ЛәйлаНегізінде Жетісай ауданында 2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2 млрд 475 млн теңге көлемінде қаржы қаралыпты. Күні бүгінге дейін соның басым бөлігі тиісті отбасыларға таратылған. Бүгінде көмек алғандардың ішінде кәсіп ашып іс бастағандар көп көрінеді.

 «Бірінші шарты еңбекке жарамды азамат жұмысқа орналасуы керек. Не малын, үй құсын алып кәсіпке пайдалануы керек. Үй құрылысын жүргізуге, қарызын жабуға жұмсауға болмайды. Олай болса бірден келісім шарт үзіледі» - дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Серік Досов.  Осындай талаптарға қарамай мемлекет қаржысын заңсыз алғандарда анықталыпты. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Жетісай ауданында 1005 азаматтың өз табысын жасырып, қаржы көмек алғаны анықталған. Олардың 300-не қаржыны қайтару туралы ескерту беріліпті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 848 рет