Бейсенбі, 15 Тамыз 2019 18:24

Түркістан облысы: Сайрам ауданында әйелдер форумы өтті

Бүгін Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында орналасқан Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде «Ана. Қоғам. Отбасы» тақырыбында аудандық әйелдер форумы болып өтті. 

Басқосуға аудандық аналар кеңесінің мүшелері, түрлі этнос өкілдерінің аналары мен әйел-қыздары, Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының мамандары мен аудандық этномәдени бірлестіктердің төрайымдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары мен ауданның бас имамы, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының мамандары және аудандық білім бөлімінің психолог, социолог әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ү.Мұратбекова «Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың болашағы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан жастардың тәрбиесі мен жас отбасылар арасындағы мәселелер, отбасылық қатынастар, отбасылық-тұрмыстық даулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сайып келгенде, ананың қоғам тыныштығы мен отбасы шырқын сақтауда рөлі орасан.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 902 рет