Жұма, 16 Тамыз 2019 08:59

Түркістан облысы: Келес ауданы орталығында көшелерді орта жөндеу жұмыстары басталды

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Абай ауылында республикалық бюджет есебінен 23 көшені орта жөндеу жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, Абай ауылына кіре беріс тұстағы көшелерді жөндеу, А.Мамытбайұлы көшесіне суағар нысандарын жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкеліп орналастыру жұмыстары жүруде. 

Сондай-ақ аталған көше бойына аяқжол және жарық шамдарымен қатар асфальт төсеу жұмыстарына да дайындық жүруде. А.Шаназаров көшесі бойы да тегістеліп, асфальттауға әзірленіп жатыр. Аудандық жол мамандарының айтуынша, алдымен осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген көшелерден бастау алған құрылыс жұмыстарын алдағы қазан айына аяқтау жоспарланған.

Жалпы, аудан орталығында орта жөндеуден өтетін 23 көше анықталыпты. Олар: Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Алданазанов, Т.Тұмышев, С.Малдыбеков, Қыш зауыты, Дәулет, Ырысты, А.Молдағұлова, Құрылыс, Б.Ермеков, Б.Оспанов, Т.Рысқұлов тұйық көшесі, Б.Қырғызәлиев, Өркениет, Абай көшесінің екі тұйық көшесі, Наурыз, Абай, Қырғызәлиев, А.Мамытбайұлы, Шаназаров және «Шығыс» ш/а көшелері. Бас-аяғы 28,19 шақырым жол биыл орта жөндеуден өтеді. Ал Келес ауданының жалпы елді мекендеріндегі ішкі көшелердің әртүрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстырына аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 59 шақырым, яғни 32 көшенің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз мердігер мекемесі анықталған соң, құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 673 рет