Сейсенбі, 15 Қазан 2019 16:39

Шымкентте әлеуметтік шара – "Таза қала" акциясы басталды

Шымкент қаласындағы жеке үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат тұтқан дәстүрлі «Таза қала» акциясы биыл да жалғасын табады.Акцияға шаһар аумағында орналасқан қала тұғындары, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатыса алады. 

Акция 4 номинация бойынша өткізіледі: 1. «Үздік аула» (әр ауданда 1, 2, 3-орын, барлығы - 12 орын); 2. «Үздік көше» (әр ауданда 1, 2, 3-орын, барлығы - 12 орын); 3. «Үздік аудан» (3 орын); 4. «Үздік учаскелік инспектор» (әр ауданда 3 орын). Акцияға қатысуға арналған өтінімдер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары жанынан құрылатын жұмыс топтарына өткізіледі. Құжаттар 2019 жылдың 21 қазанына дейін қабылданбақ. Түскен өтініштерге сәйкес, арнайы комиссия 3 күн ішінде үміткерлердің құжаттарымен танысып, жалпықалалық кезеңге қатысуға жібереді. Бағалау әр позиция бойынша 10 балдық жүйемен бағаланады. Акцияның жеңімпаздары әр ауданнан 1, 2, 3-орындар бойынша бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орында тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де арнайы бағалы сыйлықтар табысталмақ. Акцияның жалпы жүлде қоры 4 млн. теңгені құрап отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 754 рет