Сейсенбі, 15 Қазан 2019 11:21

Шымкент: Әлеуметті толғандырған инфрақұрылым мәселесі шешіледі

Шымкент қарқынды дамып келеді. Әрине, мегаполисте әлі де сапалы ауызсу, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер бар. Бұл түйткілдер алдағы уақытта біртіндеп шешімін табады. Қазір шаһардың шетіндегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйтені бұл проблемалар Үкімет бақылауында тұр. 

Жасыл қаладағы 4 ауданға қарасты 81 елді мекен бар. Оның 41-і орталықтан біршама шеткерек орналасқан. Бүгінгі таңда қала аумағындағы барлық тұрғын үй алабтарын сапалы инфрақұрылыммен қамту – басты назарда. Бұл елді мекендердің барлығына қажетті сметалық құжаттар жасалған. Соның ішінде ауызсу мәселесі бірінші кезекте тұр.

«Ауызсумен қамту бойынша 93 пайыз қамтылған Шымкент қаласы 12 нысанда 8,7 млрд. теңгеге ЖСҚ жасап, 2019-дың бюджетіне нақтылауды ұсындық. Сонымен қатар 9 елді мекенге ЖСҚ жасап, 2020 жылдың бюджетіне ұсынып отырмыз. Жалпы, 21 елді мекенді сапалы ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр» дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов.

Шымкент қаласының 92 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған. Биылдың өзінде республикалық бюджеттің нақтылауына екі нысанның құрылысына 2,06 млрд. теңге қаржы қарастыру көзделіп отыр.  2020 жылға 7 нысанның құрылысына 8,2 млрд. теңге бюджеттік өтінім берілген. Алып шаһардың 91,2 пайызы электр жарығымен қамтылған. Алайда мегаполискекөршілес аудандардан қосылған елдімекендерде электр бағаналары ескірген.  Оны жаңасына алмастыру мақсатында да біраз шаруа атқарылған.

Бұл туралы Б.Парманов: «10 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатып 22 млрд. теңге қаралған. Сонымен қатар 12 нысанға 13,3 млрд.ТеңгеЖСҚ дайыындалып, 2020 жылдың бюджетіне ендіру жоспарланып отыр» - деді.

Соңғы жылдары қаладағы «Самал», «Қайтпас», «Ақжайық» шағынаудандарына кәріз жүйесі жүргізілді. Сөйтіп, Шаһардың 49 пайызы қамтылған. Бүгінгі таңда тағы 8 елдімекенге құбыр тарту үшін 2,1 млрд. теңге жобасы бюджетке ұсынылған. Қосымша 12 нысан келер жылдың еншінде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 871 рет