Шымкенттік әлеумет инфрақұрылыммен қалай қамтылып отыр?

Шымкенттегі 63 шағынауданда тұратын тоғыз жүз қырық мыңнан астам адам таза ауызсумен қамтылған. Бұл қала тұрғындарының 93 пайызын құрайды. Қалғандары тіршілік нәрін кесте бойынша ұңғымадан немесе құдықтан алып ішеді. Қазіргі таңда 11 елді мекенді электр энергиясымен қамту мақсатында бағаналар тартылып жатыр. Бұл мақсатта мемлекет қазынасынан 27,2 млрд. теңге қаралған. 

Шымкент: Әлеуметті толғандырған инфрақұрылым мәселесі шешіледі

Шымкент қарқынды дамып келеді. Әрине, мегаполисте әлі де сапалы ауызсу, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер бар. Бұл түйткілдер алдағы уақытта біртіндеп шешімін табады. Қазір шаһардың шетіндегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйтені бұл проблемалар Үкімет бақылауында тұр. 

Арыстың инфрақұрылым жұмыстары реттелді

Арыс қаласындағы инфрақұрылымды реттеу барысында қаладағы кәріз жүйелері толық жөндеуден өтті. Кәріз жүйелерінде 6 кәріз суын айдау (ГКНС, №1, №2, №5, №7 және «Көктем») нысандарында төменде көрсетілген ағымдағы жөндеу жұмыстар атқарылды.

Түркістан облысы: Арыс шаһарындағы жылу, электр, су және кәріз жүйесі жаңғыртылып жатыр

Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылу үстінде. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді.

Жарылыс кезінде магистралды су құбырларында 4 авариялық жағдай туындап, ол қалпына келтірілді. Жалпы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбырының зақымдалған 7 шақырымын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжатқа қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.

Қаладағы кәріз жүйесі де реттеліп, ақаулардың 80 пайызы қалпына келді. Бір сусорғы қондырғысы ауыстырылды. Төтенше жағдай болған күннен бастап зақым келген 10 электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілген.

Арыста 4 жылу қазандығы бар. 30 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысанды жылытатын жылу жүйелерінің ұзындығы – 13 шақырым. Төтенше жағдай кезінде 2 снаряд жарылып, жылу қазандығы ғимараты зақымдалған. Ақау актісі мен жобалық сметасы дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ғимараттың есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары жөнделді.

Жалпы Арыстағы инфрақұрылым да толық зерттеліп, жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасады деген жоспар бар.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Осы RSS каналға жазылу