Сейсенбі, 15 Қазан 2019 11:52

Шымкенттік әлеумет инфрақұрылыммен қалай қамтылып отыр?

Шымкенттегі 63 шағынауданда тұратын тоғыз жүз қырық мыңнан астам адам таза ауызсумен қамтылған. Бұл қала тұрғындарының 93 пайызын құрайды. Қалғандары тіршілік нәрін кесте бойынша ұңғымадан немесе құдықтан алып ішеді. Қазіргі таңда 11 елді мекенді электр энергиясымен қамту мақсатында бағаналар тартылып жатыр. Бұл мақсатта мемлекет қазынасынан 27,2 млрд. теңге қаралған. 

Мегаполис тұрғындарының 92 пайызы сапалы электр қуатын тұтынады. Ал халықтың 8 пайызы әзірге қосымша жөндеуді қажет ететін ескірген электр желілері арқылы жарық алып отыр. Алда бағанар тартылып, жүйе толықтай ауыстырылады. Бұл жөнінде Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы   Алтай Әли «45 нысанға бөлінген қаржы толық игерілген. Оның ішінде ауызсумен жабдықтау жобасы 14, су құбырымен 12 жоба, электр қуаты 11, газбен жабдықтау 3, жылумен, жол құрылысы бойынша 3 жоба жабдықталды» деп отыр.

Биыл «Қайтпас», «Ақжайық» шағынаудандарының кәріз жүйесін ретке келтіру мақсатында 1,5 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейінбірнші нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тағы осындай 7 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жыл соңына дейін қаладағы үш бірдей шағынаудан «көгілдір отынға» жалғанады. Қала аумағындағы 14 елді мекенге 160 аялдама орнатылмақ. Оған қазынадан 76 миллион теңге қаралған.

«Санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млрд. 498 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 516,4 шақырымды құрайтын 190 көшеге қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүрді.  Жасыл желек және күтіп ұстау жұмыстарына 2 млрд. теңге бөлінген» дейді А.Әли.

Шымкент қаласы қысқы маусымға сақадай сай. «Энергоорталық» қоймасында 10 күнге жететін 8340 тонна мазут бар. Қаладағы 1889 көпқабатты тұрғын үйдің 90 пайызының ішкі жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен 654 млн. теңге қаралып, 511 млн. қаржы игеріліпті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 849 рет