Жексенбі, 05 Сәуір 2020 14:21

Түркістан: Жетісай ауданында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Әлем елдеріне қауіп төндіріп отырған Сovid19 пандемиясы Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданын да айналып өтпегені рас. Қазіргі таңда індеттің таралуына байланысты елде карантин жарияланып, сақтық шаралары максималды түрде күшейтілді. Барлық жерлерде жауапты мамандардан арнайы штабтар құрылып, атқарылар жұмыстардың жоспары пысықталуда.

 Жетісай ауданында құрылған штабтың төрағасы, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың төрағалығымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер бекітілген  болатын. Бекітілген жоспарға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, індетке шалдығушылардың қатарын арттырмау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр. Қала, кент, ауылдық округтардың барлық елді мекендерінде көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары мен саябақ, скверлер, дүкендер,базарлар, жалпы адам көп шоғырланатын жерлерге толығымен  күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аудан тұрғындарының көшелерде бейберекет бетпердесіз жүрулеріне қатаң тыйым салынуда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 366 рет