Кездесу барысында әскери қызметшілерге есірткіні қолданудың салдары және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Нашақорлықтың алдын алуға және жастарды заңсыз қызметке тартудан қорғау шараларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілерге есірткі құралдарын қолданғаны үшін, есірткінің адам денсаулығына әсері туралы, есірткі заттарын қолдану кезінде туындайтын проблемалар туралы қылмыстар мен есепте тұрған адамдар бойынша статистика жеткізілді.
– Бұл профилактикалық іс-шараның маңызы зор, өйткені есірткі қолдану әскери қызметшілердің денсаулығы мен мінез-құлқына елеулі зардаптар әкелуі мүмкін. Әскери қызметшілерде тәртіп пен заңға құрмет қалыптастыру үшін осындай кездесулер өткізу жоспарлануда. Сондықтан әскери қызметшілер арасында осындай профилактикалық іс - шараларды өткізу өте маңызды, – деді бригаданың әскери полиция қызметінің аға офицері Ринат Оштаев.
Кездесуге 150-ден астам әскери қызметші қатысты, олар есірткінің зияны және олардың таралуын болдырмау шаралары туралы құнды ақпарат алды.