Түркістан облысындағы топырағы құнарлы, климаты ыңғайлы мекендерінің бірі – Келес өңірі саналы. Осыған жараса өңір тұрғындары да аса еңбекқорлығы тағы бар. Еңбектің наны тәтті демекші, жергілікті шаруалар қысқы шілдеден бастап егіннің тұқымын жерге қондырып, бүгінде соның нанын татуда,-деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Келес ауданынында кезінде жүзім шарушылығымен даңқы шыққан Алпамыс батыр ата ұрпақтары мекен еткен Келес өзенінің жағасы, көрші өзбек елімен шекаралас Алпамыс батыр ауылдық округінің шаруалары бүгінде жергілікті климаттың ыңғайына келетін – қырыққабат өнімін егіп, жетілдіріп, «Біз біргеміз» логотипі аясыныда, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізуді мақсат тұтқан. 2,5 га жылыжайға қырыққабат еккен «Орынкүл» шаруақожалығы 130 тонна өнім алып отыр. Одан бөлек тағы 1,5 га егін алқабына қырыққабаттың ашық түрін егіп, алдағы 1 айдың көлемінде өнім пісіп жетілуін болжап отыр.
Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған шаруқожалықтың басына барып, шарумен тілдесіп, қырманына береке тіледі. Сонымен қатар, шаруаның қызметінде жүрген азаматтардың бетпердесіз жүргенін көріп, ауыл әкіміне азаматтарды тездетіп бетпердемен қамтуды тапсырды.
Жалпы аудан бойынша 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 24 200 гектар жерге егілу жоспарланған. Бұл 2019 жылғы егілген жерден 684 гектарға артып отыр. Адаммен қатар егіннің де тіршілік нәрі су болып есептелсе, биылғы жылға аудан бойынша 22 канал мен 7 қашыртқы, ұзындығы 172,9 шақырым ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.