Сенбі, 04 Сәуір 2020 23:57

Шымкенттің жастары кәсіпкерлерге эстафета жолдады

Шымкенттің ерікті жастары жарияланған төтенше жағдай кезінде көптеген игі шараларға мұрындық болуда. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының»ұйымдастыруымен блок-бекеттің біріне ыстық тағамдар жеткізілді. Осылайша жас волонтерлар жергілікті кәсіпкерлергеэстафета жолдады.

Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Арайы орнатылған блок-бекеттерде полиция және медицина қызметкерлері тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Бұл еліміз үшін үлкен көмек.«Сын сағатта жан-жақтан жақсылық жасап,  бір-бірімізге көмектесу міндетіміз» деген жастар қаламыздағы «Hadiya» кафесінің демеушілігімен азаматтарға ас жеткізді.

Халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген блок-бекеттердегі қызметкерлер мен жолаушылар барша демеуші жандарғаризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Дәмхана ұжымы ыстық тамақты әзірлесе, оны қызметтегі азаматтарға жеткізіп беру волонтерлерге жүктелген. Шымкент қаласының аумағындағы тәулік бойы жұмыс атқарып жатқан блок-бекеттің бірінде қазіргі таңда 30 дан астам азамат жұмыс атқаруда.  Басқа түскен қиындықты ел болып еңсеріп, жұдырықтай жұмыла әрекет етудің маңыздылығын түсінген жергілікті кәсіпкерлер көмек қолын созып, қамқорлық танытуда. Ал, мұндағы азаматтарға бұл өте қажет.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 379 рет