Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 17:22

Түркістан: Биыл 155 елдімекен жаңа ауыз су жүйесімен қамтылады

Биыл Түркістан облысында 155 елдімекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 195 елді мекендегі ауыз су жүйелері қайта жаңартылатын болады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев мәлімдеді.

Түркістан облысы бойынша таза ауыз сумен қамту бойынша қазіргі таңда өңірді қамту деңгейі 80%-ды құрап 671 елді мекен таза ауыз су пайдалануда. Еске сала кетейік, биыл облыста 155 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 195 елді мекендегі ауыз су жүйелері қайта жаңартылатын болады.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев  электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша өткен жылдың қорытындысымен таныстырды. Мәліметінше, 10 мың халық тұратын 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған. 2020 жылы 27 елді мекендегі 19 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде, 30 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 363 рет