Жұма, 01 Мамыр 2020 17:47

Түркістан: Сарыағаш ауданында көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік таратылды

Сарыағаш ауданында көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік таратылды,-деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Сарыағаш ауданында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар көбейіп келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар шекаралы аудандағы аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде.

Рамазан айындағы игілікті істен аудандық мәслихаттың депутаты да шет қалмады.

«Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жомарт Абдібаев Елбасының бастамасымен қолға алынған «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарына қол ұшын созды. Халық қалалаулысы аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көпбалалы және тұрмысы төмен мұқтаж 100 отбасыға азық-түліктер жеткізіп берді. Өз кезегінде көмек алған жанұялар қайырымдық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін білдіріп жатты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 363 рет