Жұма, 01 Мамыр 2020 17:57

Шардаралық кәсіпкер Рамазан айында ауылдастарына қой таратты

Түркістан облысы Шардара ауданында жергілікті кәсіпкер Рамазан айында қайырымдылық шарасын өткізді. Нимәділлә Абдуллаев көмекке мұқтаж, мүгедек және көпбалалы отбасыларға зекет ретінде бір-бір қойдан үлестіріп берген,-деп хабарлайды Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желі парақшасында.

Нимәділлә Абдуллаев –кәсіпкер. ЖАы жомарт жан қойды тірідей таратып шыққан. Осылайша тұрғындардың ұсақ малды қажет кезде сойып алуына немесе құрбандық шалуына сеп болсын деген ниетін білдірген. Іскер азаматтың бұл әрекетіне ауыл тұрғындары дән риза. Қасиетті айда қол ұшын берген азаматқа алғыстарын білдіріп, өмірде жақсылықтар тіледі.

«Әрине, Рамазан айында жасаған мұндай сауаптың шапағаты көп болары сөзсіз. Ал, 21 тоқтысын тегін үлестіріп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қиын қыстау кезеңде халыққа қолдау білдіріп, көмек көрсеткен кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- дейді ауыл тұрғындары.

Еліміздегі қиын жағдайда халыққа қол ұшын беріп, қайырымдылық жасап жатқан кәсіпкерлер облыстың барлық аймағында күн санап артып келеді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 316 рет