Жұма, 01 Мамыр 2020 18:37

Түркістан қаласында ҰОС ардагерлеріне 1 млн. теңгеден берілді

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай жергілікті бюджеттен Түркістан қаласы бойынша жалпы саны 977 адамға қаржы берілді, деп хабарлайды  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайты.

Қан майдан мен сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін отқа түскен азаматтарға қолдау төмендегі тізім бойынша іске асты:

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері тізіміне орай: 4 ардагерге 1 млн. теңгеден;

Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілген 288 адамға 55560 теңгеден;
Соғыста қаза болған жауынгерлердің жұбайлары тізіміне орай: 24 адамға 30 мың теңгеден;
661 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржы аударылды.

Жоғарыда көрсетілген 4 ардагердің ең үлкені 98 жаста. Ең жасы 93-те. Бүгінгі Тәуелсіз елде жарқын күн кешіп отырғанымыз қаймықпай, өмірін қиюға даяр болған жандар қандай сый-сыяпат болса да лайықты.

Ал, Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 352 рет