Сенбі, 02 Мамыр 2020 14:47

Түркістан облысы әкімдігі мен «Дегдар» қайырымдылық қоры 300 тонна қырыққабатты балалар үйіне және мұқтаж отбасыларға тегін таратпақ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды.

 Мінебүгін осы тапсырма аясында Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар «Дегдар» қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілмек. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының әкімі Алматы қаласы әкімдігімен тікелей байланысқа шығып, келісім негізінде 300 тонна орамжапырақ тиелген жүк көліктерінАлматы қаласындағы базарларға жөнелтті.

«Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 705 гектар жерден жалпы көлемі 20 мың тонна орамжапырақ жиналды. Нақтырақ айтсақ,жетісайлық 367 шаруақырыққабат дақылын ексе, соның 246-сы қазіргі таңда өнімін жинап үлгерген. Бірде-бір қырыққабат жерде қалып жатқан жоқ. Індетке байланысты қиындықтар туындағанымен диқандар өз өнімдерін саудалап үлгеруде. Шаруалардың еңбегі еш кетпеуі үшін өзге облыс орталықтарының басшыларымен тоқтаусыз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Жалпы бүгінде Жетісай ауданында 78 мың гектар алқапқа егін егілуде. Соның биыл 1180 гектарына ерте көктемгі қырыққабат егілген болатын.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 383 рет