Сенбі, 02 Мамыр 2020 15:12

Түркістан: Келесте 100 отбасына қамқорлық көрсетілді

«BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы, «Бозай» бастауыш партия ұйымы «Ауызашар» челленджін жалғастырды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, кәсіпкер Амангелді Сопбековтің демеушілігімен 100 отбасына 1 млн. 200 мың теңгеге бірінші кезектегі азық-түлік себетін жеткізілді.

Алдымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ауған соғысына қатысқан аудандағы 18 ардагердің отбасына көмек берілді. Сонымен бірге «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары негізінде Абай ауылы, Бозай, Жамбыл, Бірлік және Ошақты ауылдық округтері аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және тұрмысы төмен 82 отбасына бастауыш партия ұйымдары, «Jas Otan» жастар қанаты белсенділері және Келес аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ерікті жастары арқылы мұқтаж отбасыларға жіберілді.

 Өз кезегінде барша ауыл тұрғындары жаны жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, жақсылықтар тіледі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 347 рет