Сенбі, 02 Мамыр 2020 15:22

Түркістан: Шардарада әлем чемпионы мен белгілі әнші «Біз біргеміз» акциясын жалғастырды

Түркістан облысы, Шардара ауданында «Біз біргеміз!» акциясы өтті. Бұл жолғы игі іс-шараға армрестилнг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қыдырғали Оңғарбаев пен белгілі әнші, сазгер Асқар Жайлаубаев көмекке мұқтаж бірнеше отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Nur Otan" партиясының Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Қарымсақов бұл акцияның маңыздылығына тоқталып, елге елеулі азаматтардың еріктілер қатарына қосылып, атсалысқанына ризашылығын білдірді.
Жалпы «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысында 12 мыңнан астам отбасы көмекке ие болса, Шардара ауданында 800-ге жуық отбасыға көмек берілген.
Қайырымдылық саласына атсалысып жатқан кәсіпкерлер, түрлі сала қызметкерлері, ауыл азаматтары мен еріктілердің саны күн санап артып келеді. Жаны жомар жандар ақшалай, азық-түлікпен және басқа да әлеуметтік көмек көрсетуіп жарысуда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 377 рет