Сенбі, 02 Мамыр 2020 15:35

Түркістан: «Біз біргеміз» акциясына дзюдо шебері қатысты

Түлкібас ауданына "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" республикалық акциясына танымал дзюдо шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құрамыс Бекежан Құрамысұлы қатысты,-деп хабарлайды "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара "Ардагерлерді ардақтайық!", "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" партиялық жобалары шеңберінде өткізілді. Құрамыс Бекежанұлы қазіргі таңда аудандық балалар жасөспірімдер №1 мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы болып қызмет етеді. Құрамыс Бекежанұлының шәкірттерінің бірі ересектер самбо және қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, дүниежүзілік Универсиада чемпионы Қырықбай Ғалымжан Шаяхметұлы. Өзге де шәкірттері үлкен спортта жетістікке жетіп жүр.

«Біз біргеміз» акциясы аясында спортшылар белсенділік танытып жатыр. Осыған дейін игі іс-шараға армрестилнг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қыдырғали Оңғарбаев Шардара тұрғындарына көмектескені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Жалпы «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысында 12 мыңнан астам отбасы көмекке ие болса, Шардара ауданында 800-ге жуық отбасыға көмек берілген. Қайырымдылық саласына атсалысып жатқан кәсіпкерлер, түрлі сала қызметкерлері, ауыл азаматтары мен еріктілердің саны күн санап артып келеді. Жаны жомар жандар ақшалай, азық-түлікпен және басқа да әлеуметтік көмек көрсетіп жарысуда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 397 рет