Сенбі, 02 Мамыр 2020 15:42

Қазығұрттың жастары 40 отбасына көмек береді

«Nur Otan»партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Алтынтөбе ауылында жастар тарапынан айырқша қолдауға ие болуда.

Бойдағы күш жігерді елінің еңесесін көтеруге жұмсауға асыққан жастар, ұйыған ұйымшылдық танытып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, ел жұртқа үлгі болатындай іс атқаруда.

Акция аясында, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің жастарынан бастау алған қайырымдылық жасау эстафетасы, бүгін Алтынтөбе ауыл округінің орталығында жалғасын тапты. Алтынтөбе ауыл округі орталығының азаматтарының ұйымдастыруымен 40 отбасыға жалпы 1 000 000 теңгелік азық түліктей көмек таратылып берілді.

Алтынтөбе ауыл округінде, «Біз біргеміз!» акциясының жастар арасында еркеше қолдауға ие болуына бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Данабек Алибаев пен ауылдың белсенді жастары өзіндік үлес қосуда.

Алдағы күндері, акция аясында жақсылық жасау эстафетасы жалғасын тауып, ауыл округі бойынша тағы бірқатар мұқтаж отбасыларға көмектесу жоспарлануда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 298 рет