Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 12:45

Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға қоғамдық ұйымдар гуманитарлық көмек жеткізуде

Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға қоғамдық ұйымдар да гуманитарлық көмек жеткізуде. Түрлі апаттар кезінде азаматтарға көмек көрсететін «Қызыл Жарты Ай» қоғамы баспанасыз қалған отбасыларға азық-түліктер мен киім-кешектер таратуда.

Аталған қордың облыстық филиалының директоры Малика Жүнісованың айтуынша, ұйым өкілдері мен еріктілер тасқын болған алғашқы күннен бастап өз көмектерін көрсетіп келеді. Тұрғындарды эвакуациялық орталықтарға көшіру мен олардың заттарын тасымалдау шараларына атсалысқан. Сондай-ақ, мектептер мен туыстарының үйіне жайғасқан отбасыларға қажетті заттар тізімі жасақталып, олар да дер кезінде жеткізіліп берілуде.

 

«Апат болған аймақта 300 отбасыға алғашқы көмек ретінде азық-түліктер мен гигиеналық заттар жеткізіліп берілді. Оның ішінде көрпе-төсек пен азық-түліктер, гигиеналық заттар мен балаларға арналған тағамдар бар. Біздің еріктілер үнемі зардап шеккен тұрғындармен байланысып, қажет деген заттарымен қамтамасыз етуде. Күні бүгінге дейін 70 мыңнан аса медициналық бетперде таратылып, жекелеген азаматтар мен жанұяларға психологиялық қолдау көрсетудеміз»,- дейді Малика Жүнісова.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

Оқылды 344 рет