Аймақ басшысына аудандағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарының барысын баяндаған сала басшылары жаңадан іргесі қаланған ықшам ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.
Құрылыс алаңына тартылған жұмысшылардың басым бөлігі - Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары. Мамандардың айтуынша, ауданда су алған үйлер мен мал басы, егістік алқаптарының құжаттары жинақталуда. Оларға сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстарын арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Бұдан өзге жиында зардап шегушілерге жеткізілген гуманитарлық көмектердің барысы да айтылды. Бүгінгі күнге Мақтаарал ауданына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан қайырымдылық көмек келген.
Нәтижесінде облыстық штаб қоймасына 408 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналған. Ал, тұрғындар тарапынан тұрмысқа қажетті қысқа толқынды пеш, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машиналарына тапсырыстар көптеп түсуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.