Сенбі, 16 Мамыр 2020 15:59

Түркістан: Мақтаарал ауданында топан су басқан ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу.

Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары алдымен әжетханаларды дәрілеуден басталды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан Ахметов мәлімдеді.
«Қазіргі таңда судың деңгейі түскен ауылдардағы аулалық әжетханаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге Фердауси және Өргебас елдімекендерінде профилактикалық шараларды қолға алдық. Алдағы уақытта су деңгейі түскен басқа да ауылдарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады. Дезинфекциялау жұмыстары мұнымен шектелмейді. Сондай-ақ, елдімекендердгеі су ұңғымалары мен ауыз су құбырлары да тиісті әдістермен тазартылады. Соңында ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілетін болады», – дейді А.Ахметов.
Айта кетейік, жалпы дәрілеу жұмыстарына «Шымкент дезинфекция» мекемесінің арнайы 6 маманы жұмылдырылған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 407 рет