Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы сенбілік күнін қаладағы тазалық жұмысын бақылаумен бастады.
Алдымен, шаһар басшысы Қазыбек би көшесін толық аралап шықты. Ондағы аяқжол шетіндегі қырқылмаған газон, қоқыс толған арықша, жөндеу жұмыстары кезінде жиылған дөң мен тастарды толығымен ретке келтіруді тапсырды.⠀
Сондай-ақ, ашық және жазық жерлерге газон егу, ұңғыма қазу қажеттігін және жасыл екпелерді бір үлгіде қырқу жайына тоқталып, жұмыстарды өз деңгейінде орындауды талап етті.
Жалпы, бүгінгі күні жұмысшылар Қазыбек би көшесінің бойындағы қала тұрғындарына жайсыздық тудырған дүниелерді қалыпқа келтіретін болады. Ол үшін «Жасыл Түркістан», «Түркістан жарық-тазалық» және «Жасыл арман» мекемелерінен жалпы саны 155 қызметкер, 14 техника жұмылдырылды.Мұнымен қатар, Әмір Темір, Байбұрт, С. Қожанов көшелері аумағында да тазалық жұмыстары сәйкесінше жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.