Олар күн сайын үш мезгіл ыстық тамақ, жайлы орын, киім-кешекпен өзгеде қажетті заттар мен қамтылған. Ал, мектеп жасындағы оқушылар сабақ кестесіне сай білім алуда
Игілік ауылындағы Тоқтар Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектеп бүгінде Жаңатұрмыс ауылы тұрғындарының ортақ үйіне айналған. Себебі, су астында қалған бүтін бір ауыл 4-мамыр күні осында көшірілген. Содан бері жаңатұрмыстық 220-ға жуық тұрғын осында жатыр. Оларға ыстық тамақ, жылы орынмен қатар медициналық көмек көрсетілуде. Күні кеше ғана көп балалы және жасы үлкен 35 азамат сауықтыру орындарына жіберілген.
Жаңатұрмыс ауылында мектеп жасындағы оқушылар саны 80-нен асады. Бүгінде олардың 28-і жазғы сауықтыру лагеріне жіберілген. Қалған оқушылар қазір сабақ кестесіне білім алуда. Ол үшін қажетті оқу құралдарымен толық қамтылған.
Негізінде аудандағы 10 эвакуациялық орталыққа Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай аудандары жауапты болып бекітілген. Мәселен, жаңатұрмыстықтар жайғасқан Әубәкіров мектебіне Сарыағаш ауданы жауапты. Сондықтан аталған орталықта аудан әкімдігі тарапынан арнайы штаб құрылып жұмыс істеуде. Олар тұрғындардың тамақтануымен қатар уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында да жұмыс жүргізуде.
Қолда бар мәліметке сүйенсек бүгінде эвакуациялық орталықтардағы халыққа медициналық көмек көрсету үшін жалпы 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Олар күн сайын орталықтағы азаматтардың ден қызуын өлшеп, қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.