Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 12:14

Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары орнатылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу есептегіш құралдарының тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен бірге, қазіргі таңда 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралдары орнатылған. Жылу есептегіш құралы орнатылған тұрғын үйлерде жылудың төлем ақысы 30-40% -ға дейін төмендеп, үнемділік жасайды. Айта кетейік, жылу есептегіш құралын орнату жөнінде толық мәліметті «Kazakhstan Energy Group» ЖШС-нің директоры Низамутдинов Марат Радикович 8702 389 66 99 немесе 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мәліметтерді алауға болады.

Жылу есептегіштің тиімділігі, азаматтар тек тұтынған жылуына ғана ақы төлейді. Егер қызметтің сапасы төмен болса, әр шаршы метрге төленетін сома қысқарады. Осы саладағы мамандардың айтуынша, шығын көлемі 30-40 пайызға дейін төмендейді. Құрылғыға кеткен қаржыны  тұрғындар еш үстемесіз 4 жылға бөліп төлеуіне болады. Ал, жылу есептегішті  бұл уақытта орнатқан мекеме бақылап отырады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 900 рет