Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 12:26

Шымкентте жол бойындағы тозығы жеткен шамдар ауыстырылуда

Шымкент қаласында тозығы жеткен, ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр. Бұл бойынша шағымдар азаматтардан Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында келіп түскен.

Сауалнама нәтижесі бойынша өзекті мәселе ретінде коммуналдық шаруашылық саласындағы істен шыққан шамдардың ахуалы аталған болатын. Қаланың коммуналдық сала қызметкерлері жарықтандыру және қала шамдарының қызмет ахуалы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылуда. Бұл дегеніміз, алдағы күндері Шымкент қаласының кешкі көшелерінде өзіңізді қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік бермек.

Шаһар басшылығының тағы бір жетістіктері — қала көшелеріндегі жарық автоматты түрде іске қосылады. Арнайы таймер бойынша күнде кешкісін сағат 18:15-те барлық шам іске қосылып, таңғы сағат 08:00-де өшеді. Уақыт кестесі әр 10 күн сайын өзгертіліп тұрады, ол таңның атуы мен кештің батуына байланысты деп түсіндіреді жауаптылар.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 824 рет