Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 15:40

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді

Қалыптасқан дəстүр бойынша Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімінің аппараты жыл сайын оқу жылы басталар алдын мүгедек балалар, жетім балалар мен көпбалалы отбасы балаларына арналған акция өткізеді. Аталған акция биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Акцияның мақсаты — көп балалы жəне аз қамтылған отбасылар балалары, жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық жəне өзге де көмек көрсету. Акция барысында балаларға сөмкелер мен мектеп құрал-жабдықтары табысталды. Акция соңында аудан əкімі барлық аудан кəсіпкерлеріне аталған акцияға білдірген қолдауларына алғыс білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру тапсырмасы аясында, әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған “Өрлеу” пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы «Өрлеу» жобасына қатысуға құжат тапсырған 1016 отбасыға қорытынды берілді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 1259 рет