Түркістан облысында 252 шақырым су жүйесі тазартылды
Мақтаарал және Жетісай аудандарында 252 шақырымдық су жүйесі қайта тазартылды. Екі аудандағы 3 бірдей каналдың 38 шақырымы жөнделіп, арнасы бетондалған.
Мақтаарал және Жетісай аудандарында 252 шақырымдық су жүйесі қайта тазартылды. Екі аудандағы 3 бірдей каналдың 38 шақырымы жөнделіп, арнасы бетондалған.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Шаблан Ділдабеков ауыл округінде қара мал бордақылауда ағайынды Тугаловтарға тең келер ешкім жоқ. Қос бауыр бұл кәсіпті осыдан 10 жыл бұрын қолға алыпты. Мал бордақылаудың пайдасы көл-көсір болмаса да, бір әулетті асырауға жарап тұр дейді олар. Мәселен, «Әділ» шаруа қожалығы жылына 60 шақты бұқа мен 150-ге жуық ұсақ мал бордалықайды екен. Асықата кентіндегі орталық базарда ет саудалайтын нүктесі де бар.
2018 жылдың 7 қарашасында Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының отырысы болып өтті. Аталмыш жиынды комиссия төрағасы Келес ауданының әкімі А.Есбаев жүргізіп отырды.
Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғандар аз емес. Солардың бірі – Сурая Размухаммадқызы үйінен шағын тігін цехын ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Ол биыл мемлекеттен 340 мың теңге көлемінде қаржы алып, 2 тігін машинкасын іске қосқан. Негізінде ол қазақы ою-өрнегі мол камзол, көйлек, нымша және қыз жасауын тігеді.
Ауданда жиналған «ақ алтын» өнімдері Чехия, Белоруссия мен Молдова елдеріне жөнелтіліп жатыр. Қазір кәсіпкерлер бұнымен шектелмей, өзге мемлекеттерден де тапсырыс қабылдау үстінде.
Түркістан облысында биылғы 9 айда 30 436 отбасыға (173 620 адам) жалпы сомасы 12769 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймағында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі іске қосылғаны мәлім. Биыл Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі бойынша 173 мың азаматқа қолдау көрсетіліп, 2,8 млрд. теңге қаржы берілген. Оның ішінде 2580 адам өз ісін ашып, кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондай-ақ 54 мың азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысыпты.
2022 жылға қарай Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,5 есеге артады. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында белгіленген міндеттердің үдесінен шығу мақсатында «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» әзірленді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен басқосуда ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық VIII Азаматтық форумы өтті. Екі жылда бір рет өткізілетін аталмыш форум — қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерінің арасындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл жүргізу үшін құрылған сұхбат алаңы. Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында 2 пленарлық секция өтті.