Биыл Түркістан облысында бюджет есебінен 500-ге жуық нысанның құрылысы жүруде

Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде тағы да сарапталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Биыл Түркістан облысында 300 мың тонна мақта жинау жоспарланып отыр

Биыл Түркістан облысында 106,4 мың гектар жерге мақта егілді. Алдын ала болжам бойынша 300 мың тонна мақта жинау жоспарланып отыр. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы мақта шаруашылығына жаңа технологияларды, әдістерді енгізу жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Жетісайда «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан халқының тілдері күні татулық пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекен еткен егемен еліміз үшін маңызды мереке. Осыған дейін 22 қыркүйекте атап өтілген мерекенің 5 қыркүйекке ауысқандығы тарихи маңызға ие. Өйткені, атаулы күн қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының тағдыры мен тілінің болашағы үшін күрескен, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспас-тұс келуде.

Жетісайда полиция майталманының есімі берілген сынып ашылды

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып тұр. Осы ретте Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есіміне берілген «Полиция сыныбы» ашылды.

Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалайтын блок-бекеттер қойылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Ветеринария және жер саласы мамандарымен Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалау және аудан аумағындағы заңсыз құрылыстарды ретке келтіру бойынша комиссия отырысына қатысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында төрт түлік туралы түйткілді мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мәселе бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

«Таза Қазақстан»: Отырарда өткен сенбілікте 4 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында, Отырар ауданы көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудан орталығындағы көше бойлары мен елді мекен айналасы, автожол бойлары, арық-атыздарды қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.

Шымкенттік Жолдыбай Тоқбаев - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Хорватияның Пореч қаласында еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Әлемдегі ең мықты спортшылар турниріне 44 елден 60 жасқа дейінгі еркін және грек-рим күресінің 650 үздік өкілдерінің балуандары жиналды. 

Төлебиде футбол алаңы ашылып, жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды

Төлеби ауданы Сұлтан Рабат елді мекенінде спорт алаңы пайдалануға берілді. Округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңға "Бірлік" атауы берілді. Заманауи спорт алаңы барлық стандарттарға сай салынған. Құны 14 млн теңгені құрайды.

Түркістан облысы: жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғаса бермек

Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, алда атқырылуы тиіс жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемін ұлғайту мүмкіндігі сараланды. Бос жатқан жерді мемлекетке қайтарып, ауыл тұрғындарын ортақ жайылыммен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында атқарылған жұмыстар баяндалды.