Шымкент: «Ашық есік» күнінде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мұқтаж азаматтарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастыруға медиатор-заңгерлер, медиатор-психологтар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары белсенді атсалысты.

«Ашық есік» күні әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтарға заң тұрғысында және психологиялық көмек көрсету, медиация қызметін ұсыну және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау мүмкіндігі берілді.

Келушілер отбасы құқығы, еңбек даулары, азаматтық және қылмыстық құқық салалары бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, медиатор-психологтар психологиялық қиындықтарға тап болған адамдарға психологиялық кеңес беріп, олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға көмектесті. Құқықтық және жеке дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешу мақсатында да медиаторлар азаматтарға тегін медиациялық қызметтер ұсынды.

Полиция департаментінің өкілдері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кеңес берді.

Бұл іс-шара әлеуметтік осал топтарды қолдау және қоғамдағы құқықтық, психологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешу бағытында маңызды қадам болды. «Ашық есік» күні мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауда үлкен рөл атқарды.

Ұйымдастырушылар бұл бастаманы тұрақты негізде өткізіп тұруды жоспарлап отыр, себебі қоғамның құқықтық сауатын көтеруде осындай шаралардың маңызы зор.

 

Шымкентте өңірлік кадр резервіне 30 үміткер таңдалды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.

Шымкентте этномәдени бірлестік көшбасшыларының кездесуі өтті

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмыс тобы Шымкент қаласына іссапармен келді.

Шымкентте «ҚХА-ның жергілікті атқарушы және құқықиық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті

2024 жылғы 29 тамыз күні Шымкент қаласы әкімі аппаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті.

Шымкентте жас басқарушыларға жол ашылды: өңірлік кадр резервіне іріктеу нәтижелері шықты

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қадырбеков Қанат Керімханұлы өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.

Шымкентте су және кәріз тарифтерін төмендету жұмыстары жүргізіледі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласындағы бұрын жекешелендірілген стратегиялық сумен жабдықтау және су бұру объектілерін мемлекет меншігіне қайтару» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында сөз болды.

«Кселл» Халықаралық шараға қатысушыларды тегін интернетпен қамтиды

Елдегі жетекші мобильді операторы «Кселл» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы атанды. Қос тарап тиісті меморандумға қол қойды. Бүгінде сайыс өтетін спорт нысандарында байланыс құрылғылары мен қосымша базалық станциялары орнатылып жатыр. 

Шымкент: 560 жалғызілікті ардагерге үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қарттарды әлеуметтендіру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Шымкентте стратегиялық сумен жабдықтау нысандары қайта мемлекет меншігіне қайтарылады

«Шымкент қаласындағы бұрын жекешелендірілген стратегиялық сумен жабдықтау және су бұру объектілерін мемлекет меншігіне қайтару» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы және Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы – Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Шымкентте әлеуметтік әлсіз топтар үшін 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттар биыл жоспардан артық орындалды

Шымкент қаласында биыл әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары бойынша елеулі өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Қалада жұмыспен қамту шараларын нақты көрсеткіштер мен мақсаттарға сай жүзеге асырылуда.