ШЫМКЕНТ: ТҮРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ТАРАПЫНАН ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» шағын ауданындағы биыл берілетін тұрғын үйлер мен оған қатысты инфрақұрылым жүйелерінің сапасын тексеріп шықты.

Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар негізінде шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ құрған болатын. Осылайша, кәсіби "технадзор"-лардан бөлек, Мұрат Әйтенов жұмыс тобымен аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым жүйелерінің жұмыс сапасын бақылауға алған.

Баспанадағы ақауларды анықтауға зерделеу жұмысын жасайтын арнайы топ жүргізген бақылаулар нәтижесінде 230-дан астам пәтерде ақаулықтарды анықтап, кемшіліктің 85% мердігер мекеме тарапынан жойылды.

«Шымкентте тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 48 623 азамат тізімге тіркелген болса, оның 1819-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 186-сы көпбалалы отбасы, ал 16 957-сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатында, бұл тізімде сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер де бар. Бұл кісілер ертерек өз баспанасына қол жеткізуі үшін сіздер жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындап бітуге тиіссіздер»,-деді қала басшысы.

Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың 88-95% орындалған.

 

Айта кетейік, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті. Шымкент қалалық құрылыс басқармасы ұсынған ақпараттарға сәйкес, жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілу жоспарланған. Елімізде қолға алынып жатқан кез-келген жоба тұрғындар игілігі үшін жасалады. Ұлттық жоба ұлттың сапалы өмір сүруінің кепілі. Жоба тілімен айтсақ, 2025 жылы халқымыз толықтай сапалы ауыз сумен қамтылып, сапалы жолдармен жүріп, баспаналы да болар күн алыс емес. «Көрінген таудың алыстығы жоқ», демекші ұлттық жобадан ұлттың күтері көп.


ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ ТОЛЫҚТЫ

Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Автобустардың саны артып, автопарктердегі қоғамдық көліктердің саны 1000-ға жетті.

Бүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде.

Тұрғындар тарапынан көліктер санын көбейту туралы өтініштер саны көбейген. Осы мәселе бойынша ,әлеуметтік маңызы бар;

№45 бағыттағы қоғамдық көлігіне қосымша 4 автобус қосылып, жалпы саны 12 автобус қызмет көрсететін болды.

№66 автобус маршрутына 9 бірлік қосылып, автобус саны 16 – ға артты.

№75 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 12 автобус жолаушыларды тасымалдайды.

№138 автобус маршрутына 1 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 11 болды.

№17 автобус маршрутына 3 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 13 болды.

№34 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 8 болды.

№150 автобус маршрутына 2 бірлік қосылды.

№139 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№20 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№171 және №171А автобус маршруттарына жалпы 2 бірлік қосылып, жалпы саны 7-ге артты.

Аталған бағыттағы қоғамдық көліктері қазан айынан бастап жаңа бекітілген кестемен жолаушыларды тасымалдай бастайды.

Айта кетейік, қалада жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде. Ал үшінші станцияның салу үшін инвестор анықталып, жер учаске бөлінген. Қазіргі таңда құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы - төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ 1 АЙДАН СОҢ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛАДЫ

Шымкенттегі “Бәйдібек би” даңғылы мен “Арғынбеков” көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Бұл, өз кезегінде аталған көшеде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді.

Жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру мақсатында шаhар басшысы құрылыс нысанын көріп шықты. Керекті ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысандағы жұмыстар сапасына деген жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, “Бәйдібек би” даңғылында 700 м., “Арғынбеков” көшесінде 921 м. көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.

Қазіргі уақытта “Арғынбеков” көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал “Бәйдібек би”даңғылында көпір өткелінің конструкциялары орнатылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың “Бәйдібек би” даңғылы бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған еді. Кейіннен тамыз айының 31 күні көлік кептелісін азайту мақсатында “Бәйдібек би” даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша қайта ашылған болатын.

Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, жоспар бойынша қазан айының 30-нан бастап “Арғынбеков” көшесі көлік қозғалысына ашылатын болады.

Айта кетейік, 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді.


ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР «ЖҰЛДЫЗАЙ-2022» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫНДА...

«Жұлдызай-2022» ҰлттықинклюзивтіспорттықойындарындаШымкентқаласыбілімбасқармасынақарасты «Көруқабілетібұзылғанбалаларғаарналған «Үміт» мектеп-интернаты» коммуналдықмемлекеттікмекемесініңоқушылары «Голбол» спорттүрінен 7 команданыңішіненІ-орыниегеріатанды. Жеңімпаздаркубокпен, медальдарменжәнедипломдарменмарапатталды. ЕрекшебілімалуғақажеттілігібарбалаларарасындаРеспубликалық «ЖҰЛДЫЗАЙ» қоғамдыққорыныңұйымдастыруымен, Балаларжылыаясындаөткізілген «Жұлдызай-2022» ҰлттықинклюзивтіойындардыңреспубликалықкезеңіАлматықаласындаөтті.

Ерекшебілімалуғақажеттілігібарбалалардыспортқатарту, олардыәлеуметтендіружәнеерекшеқажеттіліктерімендамумүмкіндіктерібарбалаларарасындасалауаттыөмірсалтыннасихаттап, спорттықшеберлігіншыңдауғабағытталғанбірегейспорталаңынқалыптастырудымақсатеткен «Жұлдызай» спартакиадасынөткізужылсайындәстүргеайналыпкеледі.

«Жұлдызай» ұлттықинклюзивтіойындарыБалуанШолақатындағыспортсарайындажәнеАлматықаласыныңорталықстадионындаспорттың 6 түрібойыншаөткенболатын. Онда «шағынфутбол», «үстелтеннисі», «жеңілатлетика», «голбол», «бочча», «бестас» және «асықату» ұлттықойындарықамтылады. Қатысушыларсаны 310 баланеықұраған. «Жұлдызай» ойындарыҚРМәдениетжәнеспортминистрлігінің «ҚР 2022 жылғыспорттық-бұқаралықіс-шаралардыңбірыңғайкүнтізбелікжоспарына» енген. Ойынжеңімпаздарыныңхалықаралықжарыстарғақатысып, спорттықразрядтаралуынамүмкіндікбар.

Айтакетсек, биылданбастап «Жұлдызай» ұлттықинклюзивтіойындарынаайналған «Жұлдызай» спартакиадасыеліміздегіерекшебілімберуқажеттіліктерібар 10-18 жасаралығындағыбалаларменжасөспірімдерқатысатынжалғызкәсібиспорттықжарыстарболыптабылады. «Жұлдызай» корпоративтікқорыкөпжылдарбойыерекшебалалардыңөмірінжақсартуға, шығармашылықжәнеспорттыққабілеттеріндамытуғабағытталғаншығармашылық, спорттық, медициналықжәнеәлеуметтікжобалардыжүзегеасырыпкеледі. Салауаттыөмірсалтынқалыптастыружәненасихаттау, дамумүмкіндігішектеулібалалардыспортқатарту, олардыәлеуметтендіружәнеқоғамғаинтеграциялау, инклюзивтіспорттыдамытуүшінспорттықинфрақұрылымдықұружәненығайтубіздіңжастарүшінинклюзивтіойындардыөткізудіңнегізгімақсаттарыболыптабылады.

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨҢІЛІ ТОЛМАСА КОМПАНИЯМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатысты шағымдар көптеп түсуде.

Әкімдіктің хабарлауы бойынша:  "Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады.

Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады.  Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады.

Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ.

Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы»,-делінген.

Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ.

Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді:

1. "ШымкентСпецКомплекс", Тел.: +7 702 753 7337;

2. "Керемет 2020", Тел.: +7 777 094 5576;

3. "Бастау", тел.: 8 701 701 00 50.

 

Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар:

1. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36;

2. "ШымкентСпецКомплекс", тел.: 8 702 255-64-94;

3. "Спецавтотранс", тел.: 8 702 753 73 37.

 

Еңбекші ауданын бойынша:

1. "Вайсалидзе" ЖК, тел.: 8-701-137-57-03;

2. "ЭКО-ком тазалық", тел.: 8-778-233-97-41;

3. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36.

 

Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар:

1. "ЖанМейр", Тел.: +7 (701) 400-33-11;

2. "Вайсалидзе" ЖК, Тел.: +7 701 137 5703;

3. "Таза қала" ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03;

4. "ПожТехМонтаж", Тел.: +7 778 883-52-77;

5. "Бастау", Тел.: +7 701 701-00-50.

 

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН №108 МЕКТЕП КОМАНДАСЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ШЫҚТЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды.

Бүгінгі сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Қыздар арасындағы волейболдан № 108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды.

— Волейбол жарысына осымен 12 мәрте қатысып отырмыз. Барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырғанымыз жаттықтырушымыздың үздіксіз еңбегінің арқасында деп санаймыз. Бүгін де қарсылас команданы жеңеміз деп ойдағыдай дайындықпен келдік,-деді жеңімпаз команданың мүшесі Сарвиноз Мирпайизиева.

Айта кетейік, ауқымды жобаға 2021-2022 жылғы оқу жылында 151 мектептен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойындарынан 514 команда, жалпы алты мыңға жуық мектеп оқушылары қатысқан болатын. Ал үшінші рет өткелі отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында 2022-2023 оқу жылы аясында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командаларды қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.

Бүгінгі жарыста волейболдан алғашқы екі команданың ойыны тартысты өтті. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы командасы және Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы командасы жарысқа түсті. Нәтижесінде №50 мектеп-гимназиясы 2-0 есебімен жеңіске жетті.

ІІІ маусымның салтанатты ашылуында ІІ маусымның жүлдегер мектептері марапатталды. Жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы додада Шахмат бойынша 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;

Баскедболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы;

Ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;

Футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы І-орындарды иеленген болатын.

 

 

ҚОҚЫС ТӨГІП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ!

Түркістан қаласында тазалық мәселесі қатаң қадағалануда.

Қала аумағындағы 787 көшеге санитарлық тазалық жүргізіледі. Оның 136 көшесі - механикалық жолмен, 651 көшесі қолмен тазаланады. Орталық маңызы бар 39 көшенің қоқысы күніне екі мезгіл алынады.

Бұл жұмыс секторлар тарапынан да күнделікті бақылануда. Нәтижесінде, тазалық талаптарын бұзған 4570 азаматқа айыппұл салынды: “Отырар” секторында – 37 , “Сауран” секторында – 106, Бірлік тұрғын алабында – 38, “Шауғар” секторында – 66, “Бекзат” тұрғын алабында-45, “Яссы”секторында – 65 азаматқа хаттама толтырылды.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – әкімшілік жауапкершілікке алып келетіні, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленгені туралы тұрғындарға түсіндірілуде.

Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке ұлғаятыны ескертілуде.

Түркістан қаласы аумағының тазалығын сақтау мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтік шараны күнделікті жүргізетінін назарларыңызға саламыз.

ТҮРКІСТАНДА «AMANAT AQYLMAN ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

«AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі Түркістан қаласында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы, «Jastar Ruhy» ЖҚ өңірлік филиалы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды ойынға 17 команда қатысты. Партияның Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев ойыншылардың белсенділігіне алғысын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысқа мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, түрлі сала өкілдері және жас еріктілерден құралған топтар өзара бақ сынасты. Білім мен шапшаңдықты қатар талап ететін сайысқа Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Үмбетов, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і басшысының орынбасары Ернар Бектаев және әлеуметтік желі белсендісі Олжас Мамыр әділ төрелік етті.

Жарыс 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрден бастап логикалық тапсымалар ойынды ширата түсті. Білімгерлердің айтуынша, ән жұмбақ сайысы серпіліс берді.

Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес "Key to life" командасы 3-орынды иеленді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ұстаздарынан құралған "Youngstars" командасы 44 ұпаймен 2-орынға жайғасса, 7 кезеңнің нәтижесінде журналистерден құралған "Тұран БАҚ" командасы 45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанды.

"Youngstars" командасының мүшесі, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Арслан Атабектің айтуынша, командаластары осы бағыттағы додаларға қатысып келеді.

- Ең әуелі, «AMANAT-AQYLMAN» сайысының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің команда өзге де интеллектуалды байқауларға қатысып, мол тәжірибе жинақтауда. Ал, осы жолғы додада жүлделі 2-орыннан көріндік. БАҚ өкілдерінен құралған "Тұран БАҚ" командасы 1 ұпай айырмашылығымен басым түсті. Дегенмен, біздің топ үшін осының өзі жетістік. Өйткені, бұған дейін жүлделі орындарға ие болмаған едік. Келесі бәйгеде жеңістің ең биік тұғырынан көрінуге бар күшімізді саламыз,-дейді жарыс жүлдегері.

Жеңімпаз атанған топ жыл соңында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ГАСТРОКАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістанда алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» ауқымды фестивалі өтті.

Облыс орталығында өткен іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, фестиваль аясында халықаралық туризм күніне байланысты сала қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекі белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған аймақтағы ауқымды аспаздық шара.

Қаланың 25-тен астам мекемесі гастрофест қонақтарына ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын, десерттер мен сусындар дайындады.

Фестивальдің айрықша ерекшелігі - авторлық рецепт бойынша дайындалған көше тағамдары форматындағы дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Фестиваль мәзірінде қонақтар қайта ойластырылған әлемдік хиттерді де сынап көрді.

"Жергілікті халықтың гастрономиялық өнерін насихаттауға бағытталған фестиваль өңіріміздің шебер аспаздарының дәстүрін жалғастыруға оң серпін беру мақсатында ұйымдастырылуда", - деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөзінде.

"Жібек жолы" саябағындағы іс-шараға 2 мыңнан астам қонақ қатысты. Гастрофестиваль аспаздардың концерттері, ойындары, конкурстары, шеберлік сыныптары бар бай мәдени бағдарламамен жалғасты.

Сондай-ақ "Open Turkistan" туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Картада туристерге баруға ұсынылған қала мекемелері туралы ақпарат бар. Бұл картадан, мысалы, нағыз түркістандық самсаны, Оңтүстік кебабын, қазақ тағамдарының көне рецептерімен әзірленген тағамдарды немесе жергілікті фаст-фудты қайдан көруге болатынын білуге болады.

Гастрокарта туристерге арналған нұсқаулық қана емес, сонымен қатар мейрамханалар мен кафелерге бару үшін жеңілдік купондарының жинағы. Барлық купондар жыл соңына дейін жарамды.

Айта кетсек, гастрофестиваль қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары фестивальдің жыл сайын дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

 

 

Түркістан: «Жаңаша оқытуда әдіс-тәсілдің тиімділігі» атты қалалық семинар өтті

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы № 4 мектеп – лицейінде бастауыш сыныптар арасында «Жаңаша оқытуда әдіс-тәсілдің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту.

Семинар бастауыш сынып мұғалімі Ақтолқын Удербаеваның тренингімен басталды.

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Р. Рахметова мен мектеп-лицей директоры Г.Өсербаева семинар бағдарламасымен таныстырып ашып берді.

2 «А» сыныбында Дүниетану пәнінен «Адам еңбегі» тақырыбында А. Урикбаева сабақ өтті.

4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу "Киіктің айласы" тақырыбында Ш. Ешманова сабағын өтті.

4 «Б»сыныбында математика пәнінен "Көптаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу" тақырыбында А. Айтілеуова, 1 «В» сыныбында Әліппеден "О дыбыс мен әрпі" тақырыбында Ж.Көлбаева,

3 «Г» сыныбында математика пәнінен "Көбейту және бөлу амалдарын орындаудағы 1 санының қасиеті" тақырыбында М. Бисейтова, 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу дан Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" тақырыбында А. Қалымбетова, 1 «Г» сыныбында математика пәнінен "9 саны мен цифры" тақырыбында Г. Аппазова, 2 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен "Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? " тақырыбында Л.Джабагиева,4 «А» сыныбында математика лицей сабағынан "Айнымалысы бар өрнек" тақырыбында А. Назарова сабақ өтті.

Семинар соңында "Жаңаша оқыту - жетістік көзі" тақырыбында Л.Ормолдаева коучинг сабағын өтіп,семинар қорытындысы мен талдауы жасалды. Талдау барысында семинардың жоғары деңгейде өтілгендігі аталып "өте жақсы" деген баға берді.