Шымкентте волейболдан жасөспірімдер чемпионаты басталды

Шымкенттегі жоғары спорт шеберлігі мектебінің кешенінде волейболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Тартыспен басталған бәсекеге республиканың барлық өңірінен 400-ге тарта жас спортшы қатысып, өнер көрсетуде. 

Шымкент өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан республикада 1-орында тұр

Салада 9 айда 406 миллиард теңгеге жететін тауар шығарылған. Индустриялық аймақтардың әлеуетін жақсарту үшін инвестиция тарту жұмыстары да қарқынды. Бұл туралы мамандар Ақпараттық коммуникациялар орталығында журналистерге мәлімдеді. 

Шымкент: 2020 жыл – волонтерлер жылына орай брифинг өтті

Ақпараттық коммуникациялық орталықта Қазақстандағы Волонтерлік жыл қарсаңында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері басқармасының басшысы Ж.Қалтаев пен Волонтерлікті қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. 

Шымкентте мектеп психологтарына арналған екі күндік семинар-тренинг өтті

Онда мұғалімдер «Деструктивтік діни ұйымдардың құрбандарымен жұмыс істеу» тақырыбында білікті мамандардан сабақ алды. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы әлеуметтік-психологиялық орталықтың қызметкерлері келді. 

Шымкентте жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды

Суға жүзуден еліміздің спортшылары Шымкентте өзара мықтыны анықтайды. Ол үшін Қазақстанның әр аймағынан бас-аяғы 300-ден астам жеткіншек келді. Жүзуден басталған Қазақстан чемпионаты жылдың қорытынды жарысы саналады

Шымкент: «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында Абай ауданының балалары бақ сынады

«Qazaq Epos» республикалық қоғамдың қорының жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Шымкентте қызу өтіп жатыр. Қала бойынша 116 мектептен тіркелген 1094 оқушы өзара мықтыларын анықтауда. Бұл жолы Абай ауданының балалары жобаның бірінші кезеңінде бақ сынады. 

Шымкентте «Дінтану» пәнінің мұғалімдері бас қосты

Кереғар діни ағымдардың алдын алу үшін мектептердегі «Дінтану» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру қажет. Білім ұясында ислами ілімді терең ұғынған бала жат пиғылдағы ұйымның жетегіне еріп кетпейді. «Зайырлық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында Шымкентте бас қосқан пән мұғалімдері осы мәселенің өзектілігіне тоқталды. 

Шымкент: Мемлекеттік сатып алулар бойынша 677 миллион теңге үнемделген

2019 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан 52 электрондық конкурс жарияланған. Оған бөлінген қаржының жалпы құны 20 миллиард 34 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы басқарма басшысының міндетін атқарушы Балмейір Сансызбайұлы брифингте мәлімдеді. 

Осы RSS каналға жазылу