Түркістан облысы: өңір халқының 98 пайызында электрондық денсаулық паспорты бар
Түркістан облысы бойынша 1 791 201 электрондық денсаулық паспорты жасақталды. Бұл өңір халқының 98 пайызын құрайды. Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.