Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасындағы жеке-командалық Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Жарыстың соңғы күні ерлер арасында 4 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.
Жетінші күннің нәтижелері:
Ерлер (96 кг)
1. Денис Полубояринов (Қостанай облысы) - 370 кг (165+205)
2. Асылжан Бектай (Қызылорда облысы) – 342 кг (158+184)
3. Егор Шерер (Қостанай облысы) – 340 кг (160+180)
Ерлер (102 кг)
1. Нұрғиса Әділетұлы (Шымкент) - 360 кг (160+200)
2. Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы) – 335 кг (150+185)
3. Данил Бетехтин (Жетісу облысы) – 323 кг (142+181)
Ерлер (109 кг)
1. Артем Антропов (Қарағанды облысы) - 353 кг (153+200)
2. Темірлан Оқашев (ШҚО) - 332 кг (142+190)
3. Максим Варивода (Жетісу облысы) – 322 кг (150+172)
Ерлер (+109 кг)
1. Андас Самарқанов (Жетісу облысы) - 381 кг (160+221). ҚР рекорды
2. Сұлтан Мейрам (Алматы) – 356 кг (156+200)
3. Дмитрий Каплин (ШҚО) - 347 кг (157+190)
Шымкенттік спортшы Нұрғисаның жаттықтырушысы-Скорин Михаил.
Сонымен қатар, бұл жарыста біздің жерлестеріміз қола медаль жеңіп алды:
Дәулетова Аружан, 81 кг
/ серпіліс 86, итеру 108 / 194 кг
Ерет Аружан, 71 кг
/ серпіліс 80, итеру 94 / 174 кг
Ел біріншілігіне 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел адам) қатысты.
Айта кетейік, 4-16 Желтоқсанда Бахрейн елінде өтетін әлем чемпионатына "Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінен" Нұрғиса Әділетұлы мен Уваров Александр қатысады.