Сейсенбі, 19 Қараша 2024 22:34

Шымкент: Сейсмонығайту жұмыстары жүргізілетін үйлер анықталды

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бүгінгі мақсатты жұмыстың маңызды салаларының бірі болып табылады.  Осы бағытта 2021 жылдан бастап 233 көппәтерлі тұрғын үйге сейсмонығайту мақсатында техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Нәтижесінде:сейсмонығайтуды қажет ететін - 68 үй, апатты жағдайда - 67 үй, тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған.

Өткізілген техникалық сараптама бойынша 6 үйге  жобалау-сметалық құжат әзірленіп, 1 үйдің (Уалиханова №231) сейсмонығайту жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алу өткізілуде.

Сонымен қатар, Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мангельдин №33, №36 және Иляев №7 тұрғын үйлеріне сейсмонығайту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжат әзірлеуге бюджетке өтінім әзірленуде.

Қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты  кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер бар. Олар:  Тұран-2 ш/а - 88 үй, Шымкент сити ш/а - 24 үй, Нұрсат-3 ш/а - 44 үй, Бозарық ш/а -18 үй. 

2024  жылдың 10 айында 10 382 пәтерден 388 кемшілік анықталып, оның 365-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 23 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал  2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген. 

Айта кетейік, 2024 жылы басқарма тарапынан келісім шарт талаптарын орындамағын үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 11,5 млн айыппұл салынып өндірілді.

Сондай-ақ, 1 мердігер мекеме («Корпорация Сити-строй» ЖШС) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды.

Оқылды 23 рет