Super User

Super User

Түркістан облысында білім саласына жемқорлықты жоятын жаңа жобалар енгізілмек

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық  білім беру ұйымдарының 1300 басшысы, сондай-ақ арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласы «көгілдір отынның» игілігін көретін күн таяу

Алла сәтін салса, бірер жылда Арыс қаласының халқы от жағып, күл шығарудан түгелдей құтылады. Бұған дейін «көгілдір отыны» болмаған шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері қаланың коммуналдық мәселелерімен танысты. 

Жетісайда спорт түрлерінен «студенттік және мектеп лигаларының» ашылу салтанаты өтті

Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттер және мектеп лигасының» салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев, Жетісай орталық стадионының директоры Бақыт Жаңбырбаев және спорт мектептерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сарыағаш ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіші өсіп келеді

Сарыағаш ауданында биыл 29 мамандық бойынша жоспарға сәйкес 1190 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Оқуға жолданған азаматтардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алғандары 1053-ті құрайды. Жалпы оқуға жолданған 1190 азаматтың 914-і сұранысқа ие заман талабына сәйкес келетін білікті мамандық иесі атанып, ауданның мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеде куәліктері салтанатты түрде тапсырылып, бос жұмыс орындары ұсынылды.

Осы RSS каналға жазылу