Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕГІ СОЛТҮСТІК САЯЖАЙҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛУДА

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін елдімекендерге желі тарту жұмысы жалғасуда.

Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын                          ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Мамандар жұмыстар 100 пайызға қыркүйек-қазан айларында аяқталады деп отыр.  Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады. Аталған шағын ауданда құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып,1149 шақырымға желі тартылды. Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр. Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп күтілуде.



ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев атылмыш ауданның жыл соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылатынын арнайы брифингте айтты.

Аудан әкімінің сөзінше, Әл-Фараби - Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, мұнда тұрғындар үшін барынша жағдай жасалуда. Тұрғындар ауыз сумен - 98%, электр жарығымен  - 96,5%, табиғи газбен - 99,5%, кәріз жүйесімен - 87% қамтылған.

“Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады.

Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.


Полицейлер «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы аясында жаяу жүргіншілерге ескертеді

Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасын өткізеді. Оның негізгі мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына жол бермеу және балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысымен байланысты дағдыларын нығайту.

Осы тұрғыда Түркістан облысының полицейлері тұрғындар мен қала қонақтарына, сонымен қатар ұстаздар мен ата-аналарға жол қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді. Ұл-қыздарының жол қозғалысы ережесін сақтап жүруін қадағалап, жеткіншек, жасөспірімдерге жолдан өтерде кез келген жерді кесіп өтпей, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жерлерден өтуі міндеттелді. Полицейлердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты іске асырылып отырады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолдарда мұқият болыңыздар!

 

Жетісай ауданындағы базар өртіне байланысты азаматтардан 600-ге жуық арыз-шағым тіркелді

Жетісай қаласындағы базар өртінен кейін полицейлер халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Десекте бір түнде барынан айырылған саудамен айналысатын тұрғындар өз наразылықтарын білдіруде.

Олар бүгін сағат 11:05-те М.Әуезов көшесінің бойында жиналып, жолды жапқан болатын. Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірден әрбір тұрғынмен түсіндірме жұмысын жүргізіп, нәтижесінде бір сағаттан соң азаматтар үйлеріне қайтарылды.

Қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты. Полицейлер жолдарды, базар аумағын бақылауға алып, қызмет етуде.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары өрттің салдарынан мүліктері жарамсыз болған кәсіпкерлердің шығындары бойынша арыздарын қабылдауда. Қазірдің өзінде полицияға 600-ге жуық арыз тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, 26.08.2022 жылы сағат 03:00 шамасында Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базары өртке оранған болатын. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар, 300-ден астам полицей тартылды. Аталмыш полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қылмыстардың алдын алу бағытында қызмет етуде.

 

Осы RSS каналға жазылу