Super User

Super User

Шымкентте қазақтың үш бәйтерегіне арналған жиын өтті

Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалар – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармалары М.Әуезов атындағы ОҚУ кеңінен насихатталды. Студенттер шоқтығы биік туындыларды сахналаса, университеттің профессор-ғалымдары тың ақпараттармен бөлісті. Ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері болған арыстай азаматтардың туылғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға 200 ге жуық жас қатысты. 

Шымкентте әйелдер форумы өтті

Бүгін қаламызда Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Алтын Орда» ҚҚҚ «Әйел. Қоғам. Саясат» жобасы аясында «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында әйелдер форумы өтті. 

Шымкентте нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Ербол Қойғабаров әскери полиция қызметінің офицерлерімен бірлесіп ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді. 

Шымкентте ұлттық киім фестивалі өтті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн», – деп атап көрсеткен болатын. Президент жолдауына сәйкес тиісті басқармалар мен ЖОО-дары осы бастамаға сүбелі үлес қосып келеді. Соның бірі, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған фестиваль. «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты іс-шараға қаламыздың ең үздік сәнгерлері топтамаларын көрсетті.

Соңғы уақытта, ұлттық нақыштағы киімдерді кию – тренде. Бұл кәсіби дизайнерлердің заманауи киімдерді этно стильмен ұштастыра алауында деп білеміз. Дәл осы бағытты ұстанып ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлер көп. Сала мамандары тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде сұранысқа ие. Ендігі мақсат жастар арасында кеңінен насихаттау дейді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айкерім Жұмағұлова.

Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этностильдік топтамасы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Ақ баян» сән театры «Ертұран» топтамасын ұсында. Таяуда ғана Халықаралық деңгейде өткен фестивальде жүлделі 1 орынды иеленген сәнгер Марат Ерімбетов ұлттық киімдерді әлемдік деңгейде танытуды көздейді.

– Сән әлемі үнемі жаңарып отырады. Тек денені жабу үшін ғана емес, қазақта сырт киім арқылы астарлы, ойлы сөздерді жеткізетін болған. Бүгінгі фестивальге 2 топтама алып келдім. Бірі ұлттық киімдерді этностильде жаңғырту болса, келесі заманауи стильді қамтыды,-дейді Марат Ерімбетов.

Сондай-ақ, көрмеде ұйымдастырушылар, қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін құрақ көрпе, ер-тұрман әбзелдері, оюмен көмкерілген бүрмелі көйлек пен шапанның түр-түрін халық назарына ұсынды. Ұштасқан ұлттық нақыш пен заманауи модельдеге туындылар көпшіліктің көңілінен шықты.

Ұлттық киімдердің заманауи үлгілері топтамасы бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың «Ақбаян» сән театры, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» сәндік киім үлгілерінің топтамасы, Бүбіхадиша Жетібаеваның «Асыл мұра» ұлттық киімдер топтамалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар табыстарлып, алғыс хаттармен марапатталды.

Осы RSS каналға жазылу